RU

Астаналықтар ЭКСПО көрмесін халыққа тегін етуді ұсынды

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталуына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Қала тұрғындары көрмеге кіруді халық үшін тегін ету керек деген пікірде. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Мен көрме ұйымдастырушыларынан 20 тамыздан 31 тамызға дейін көрме билеттерінің бағасын елу пайызға түсіруін сұраймын. Ал бірінші қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін ЭКСПО көрмесіне кіруді халыққа тегін ету керек.

Біздің отандастарымыз шетелдік павильондар тарқамай тұрып, көрмені тамашалай алсын. Қазақстан бұдан көп жоғалтпайды. Есесіне жағдайы төмен отбасылар ЭКСПО көрмесін көре алады. Балалар бұл оң қадамдарыңды есінде сақтап, бәлкім арасынан болашақ Эйнштейндер өсіп шығар?", - дейді Facebook желісінде Астана тұрғыны Саят Доссанов.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Илья Ильин мен үшін чемпион болып қала береді

Пікір қалдырушылардың кейбірі бұл ұсынысты құптамады. Олар тегін көрмеге толассыз ағылуы мүмкін қарапайым халық Қазақстанды шетелдіктер алдында ұятқа қалдырады деген пікірде. Дегенмен бұл ұсынысты қуана қабылдағандардың қарасы көп.

"Мен де құптаймын. Барлық павильондарды бір күнде аралау қиын. Ал билетті бірнеше рет сатып алуға көбінің қалтасы көтермейді",  "Дұрыс. Қазақстан бұдан кедейленіп кетпейді", "Оқушылар мен студенттерге тегін ету керек. Біздің балалар бұны көргені абзал", - дейді пікір қалдырушылар.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586339-astanalyqtar-ekspo-kormesin-khalyqqa.html