RU

Қайрат Нұртастың стюардессамен түскен видеосы көпшілікке жақпай қалды

Қайрат Нұртастың ұшақ ішінде стюардессаның жанында ән айтып тұрған видеосы желіге тарап кетті. Әнші әскерге кетіп бара жатқан жігіттің анасына арнаған өлеңін шырқайды.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Илья Ильин мен үшін чемпион болып қала береді

Желі қолданушылары Қайраттың әнінің сөзін түсіне алмағандарын, оның даусының нашар екенін жазып жатты.

Сондай-ақ, әншінің оқырмандары оның жанында күліп тұрған бортсерікті қатаң сынға алған. "Жұлдыздың жанында жыртыңдап тұрғаны несі", "Олардың жұмысы осы ғой", "Әншілерді әбден танып алған шығар", - деп жазды олар.

Ал, Қайраттың нағыз жанкүйерлері жақсы көңіл-күй үшін стюардесса қызға алғыс білдірді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586360-qayrat-nurtastynh-styuardessamen-tusk.html