RU

Жүгіруден алдына жан салмайтын желаяқ соңғы жарысында мәреге жете алмады

Әйгілі ямайкалық желаяқ Усейн Болт спорттық мансабындағы соңғы жарысын сәтсіз аяқтады. Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында спортшы командалық эстафетада мәреге жете алмады деп хабарлайды Vesti.kz.

Сегіз дүркін Олимпиада чемпионы эстафеталық сында төртінші болып жүгіріп, мәре сызығын кесуі керек еді. Дегенмен Усейн кілт тоқтап құлай кетіп, жарысты жалғастыра алмады.

"Спортшының сол аяғының бұлшықеті тартылып қалған. Соңғы үш апта ол үшін ауыр болды. Біз бәрі жақсы боларына сенеміз", - деді жарысты ұйымдастырушылар.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірқатар өңірлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауады

100 метрге төрт спортшыдан жарыс жолына шығатын эстафета қорытындысы бойынша Ұлыбритания құрамасы жеңімпаз атанды. Олар мәре сызығын 37,47 секундnа кескен. Екінші орын АҚШ құрамасына, үшінші орын жапон желаяқтарына бұйырды.

Усейн Болт Лондондағы әлем чемпионатынан кейін спорттық мансабын аяқтайтынын бірнеше жылдан бері айтып келеді.

Ямайкалық спортшы сегіз дүркін Олимпиада чемпионы ғана емес, он бір дүркін әлем чемпионы атанған желаяқ. Сегіз рет әлем рекордын жаңартқан. 100 және 200 метрге жүгіруде ең жылдам спортшылардың бірі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586364-zhugiruden-aldyna-zhan-salmaytyn-enh-uzd.html