RU

Аштыққа шыдамаған 40 мысық өз қожайындарын жеп қойды

Омбыда аштыққа шыдамаған 40 мысық зейнеткердің мәйітін жеп қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнеткер қаза болғаннан кейін оның 40 мысығы ашыға бастаған. Төртаяқты жануарлар алдымен зейнеткердің мәйітін жеуге кірісіп, кейін бір-бірін жеуге дейін барыпты.

Тағы оқыңыздар: Атышулы модель Қырғызстандағы барлық гей мен лесбилерді жарып жіберуді ұсынды (фото)

Белгілі болғандай, зейнеткерді көршілері соңғы рет шілденің басында көрген. Жұртпен мүлде араласпайтын азаматтың хабарсыз кеткеніне көршілері мүлде мән бермепті.

Ер адамның мәйіті тек 10 тамызда табылып, оны мысықтары жеуге кіріскені анықталған.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586549-ashtyqqa-shydamaghan-40-mysyq-oz-qozhayynyn.html