RU

Күйеуін көңілдесімен ұстап алған келіншек оның қымбат көлігін тас-талқан етті (видео)

Әлеуметтік желіде көзіне шөп салған күйеуінің көлігін тас-талқан еткен әйелдің видеосы тарады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Он жылдық некесінің қадірі қалмағанын сезінген әйел күйеуінің BMW көлігін сындыруға кіріседі. Ол өмірінде алғаш рет күйеуінің опасыздығына куә болғанын айтуда.

Ашушаң нәзік жанды көліктің әйнегін балғамен күл-талқан етеді. Ол күйеуінің көзіне шөп салғанын растайтын аудиодәлелдер барын айтып, тіпті жақында бұл жайттың видеосын да қолға түсіретінін жария етті.

Тағы оқыңыздар: БҒМ грант иегерлерінің жаңа тізімін жариялады

Он жыл ішінде бір рет ыдыс-аяқ сындырмағанын алға тартқан келіншек күйеуінің көлігін сындырғанды жөн санаған.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586665-kuyeuin-konhildesimen-ustap-alghan-kel-2.html