RU

Алматы облысында БАҚ өкілдері елбасы мақаласын талқылады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бағыттарын талқылау мақсатында Талдықорған қаласында дөңгелек үстел өтті. Оған Алматы облысының ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Сапарғалиев Ж., «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Идигов Атсалим және саяси партиялар, Үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасымыздың мақаласында ұлттық сананы жаңарту арқылы рухани жаңғырудың қыр-сыры тізбектеліп көрсетілген. Рухани жаңғыру – кезең-кезеңімен атқарылып жатқан елдегі реформалардың жалғасы. Технологиялық жаңарумен шектеліп қоймай, адамның сана-сезімін қатар жетілдіруге мемлекет баса мән берген. Елбасы ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын мақаласында тізіп берді.

«Бұрын техиника мен экономика бәрін шешеді деп ойлаушы едік. Қазір бәрі өзгеріп жатқан заманда ұлттық сана бірінші орында. Егер халық өте білімді болса, ол кез келген нәрсеге аз уақытта бейімделіп, өнеркәсіп, экономика, саясат жөнінен сауатты болмақ. Сондықтан бірінші жетістікке тез жететін экономика емес, ұлттық сана болады. Сонымен қатар, таяудағы он жылда өмір салты түбегейлі өзгереді. Елбасы бұған дайын болу керектігін айтып, жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу керектігін баяндаған», - деді Әміре Әрін.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жобаларға бастау болатын жаңа идеяларымен бөлісті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586678-almaty-oblysynda-baq-okilderi-elbasy.html