RU

Астанада 16 жастағы қыз жүріп бара жатқан автобустан құлап кетті

Астана қаласының полициясы 16 жасар қыздың автобустан құлап кетуіне байланысты жүргізушіге қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды Newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

9 тамыз күні шамамен кешкі сағат 19:10-да №31 автобустың жүргізушісі «Ұлттық Ғылыми Медицина орталығы» аялдамасында жолаушыларды мінгізіп болғаннан кейін есігі ашық күйінде жүруді жалғастырған. Нәтижесінде, баспалдақта тұрған қыз автобустан құлап кетті.

«Жол-көлік апатынан соң 16 жастағы қыз әртүрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деді ІІД қызметінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да түн ішінде жоғалып кеткен шекара қызметкерлері мас күйінде табылды

Астана қаласының ІІД-нің тергеу бөлімі «Көлік жүргізу барысында адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген» деген айыппен автобус жүргізушісінің үстінен тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, аталмыш оқиғаның орын алуына жүргізушінің көлік жүргізу барысында ұялы телефон қолданғандығы, сонымен қатар сақтандыру белдігін тақпағандығы себеп болған.

Айта кетеін болсақ, жыл басынан бері жолаушылар тасымалының қызметкерлеріне қатысты 1200 іс қозғалған. Сонымен қатар автобус паркінің 32 жүргізушісіне 1 миллион көлемінде айыппұл салынған.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586752-astanada-16-zhastaghy-qyz-zhurip-bara-zhatqa.html