RU

Қазақстандық әйел Қадыровтан қызы мен немерелерін Сириядан қайтаруды сұрады

Содыр жұбайларымен "Ислам мемлекетіне" (ИМ Қазақстан, Ресей және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) кетіп қалған әйелдердің аналары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жүгініп, қыздары мен немерелерін қайтару үшін көмек сұраған деп жазады ресейлік БАҚ.

Грозный көшесіне шыққан шешен әйелдері арасында Қазақстан тұрғыны Роза Анаева да болған.

Әйелдің айтуынша, қызы Иман Музаева күйеуімен және үш баласымен Сирияға 2014 жылы кетіпті. 

Күйеуін өлтіріп тастаған. Ал Иманға балаларымен бірге қайтуға рұқсат бермей жатқан көрінеді. 

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да түн ішінде жоғалып кеткен шекара қызметкерлері мас күйінде табылды

Шараға қатысушы әйелдердің көпшілігінің оқиғасы осыған ұқсас. Содырлар әйелдерді жіберуге дайын, бірақ балаларын алып қалмақ.

Бұдан бұрын Қадыровтың араласуымен Ирактан төрт жасар бала Билал Тагилов қайтарылды. Шешенстан өкілдері Таяу Шығыста содырлардан азат етілген өңірлеріндегі балалар үйлерінде болып, Ресейден әкетілген балалады іздестіріп жүр.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586819-qazaqstandyq-ayel-ramzan-qadyrovtan.html