RU

Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлекке жалған құжат әзірлегенін хабарлап, фотоларды жолдады.

"Алматыдағы ҚазҰУ-дың қабылдау бөлімінде былық болып жатқанын жұртқа жария етулеріңізді сұраймын. Менің кіші қарындасым Алтынай Өмірбек ҰБТ-да 102 балл жинады. 27 шілде күні ол құжаттарын ҚазҰУ-дың қабылдау бөліміне өткізді. Белгісіз біреу ТЖК-дағы 3 санын 8-ге қасақана ауыстырып жіберген. 

Тағы оқыңыздар: Обырды жеңу үшін он ағзасын алып тастаған азаматқа 22 сағат бойы ота жасалған

Салдарынан ол базада болмай қалып, грант байқауына қатыса алмады. Біз - көпбалалы отбасымыз. Анамыз бізді жалғыз өзі өсіріп келеді. Қарындасым мектепті қызылға бітіріп, ҰБТ-ға жылдар бойы дайындалды. Жоғары білім алғысы келді. Ал енді ол тіпті грантқа үміткерлер тізімінде жоқ. Құжаттың түпнұсқасы мен қабылдау бөлімі қызметкерлері өзгерткеннен кейінгі құжаттың фотосын қоса жіберіп отырмын", - дейді қыздың ағасы.

Түлектің анасы Ерлан Сағадиевке арызын жолдап, көмек сұрады.

ҚазҰУ-дың баспасөз хатшысы еңбек демалысында болғандықтан, бұл жайтқа қатысты түсініктеме бере алмады.

Алматы прокуратурасы құжатқа қатысты шағым келіп түскенін растап отыр.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1586884-almaty-turghyny-qazuu-di-grantqa-zhalgha.html