RU

Екі рет 22 сағаттан тұратын ота жасатқан азамат қатерлі ісікті жеңіп шықты

Англияның Шеффилд қаласының тұрғыны Марк Томпкинсон қатерлі ісікті жеңу үшін он ағзасын алдырып, оның алтауын трансплантациялау жолымен алмастырған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі medvestnik.ru-ға сілтеме жасап.

54 жастағы Марк Томпкинсон рактың сирек формасы құрсақ қуысы обырына шалдыққан. Оның ауруды жеңіп шығуына 18 ай уақыты болған.

Ер адамға 2 ота жасалды: әр отаның ұзақтығы 22 сағатқа созылған.

Тағы оқыңыздар: Күйеуін көңілдесімен ұстап алған келіншек оның қымбат көлігін тас-талқан етті (видео)

Дәрігерлер ісікпен қоса жан-жағындағы он ағзасын да алып тастады (соқыр ішек, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, ұлтабар, өт қабы және т.б). Оның алтауын ауыстырып салған.

Емделуші барлық алмастырылған органды бір ғана донордан алған. Барлық ота сәтті жасалып, Марк обырды жеңіп шықты.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586888-obyrdy-zhenhu-ushin-aghzasyn-alyp-tasta.html