RU

"Мықты танысы бар" әйел сотты пысқырмайтынын мәлімдеді (видео)

NUR.KZ порталының оқырманы жол бойында шу шығарған келіншектің видеосын редакцияға жолдады.

Бұл жайттың қашан және қайда болғаны әзірге анықталмады.

Видеода әйелдің жол бойында белгісіз себептермен жанжал шығарып жатқанын байқауға болады. "Бәрін сындырып тастаймын" деп қоқан-лоққы көрсетіп тұрған ол, тіпті соттан еш қорықпайтынын жасырмайды.

Тағы оқыңыздар: Танымал дизайнер өзін сотқа бермек болған әншіге сыйлық тарту етті (видео)

"Кімнің адамы екенімді біліп жатырсың ба?", - деп дауласқан әйел сотты сыйламайтынын аңдатады.

Видео жарты жолдан үзілгендіктен, оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586977-zhol-boyynda-shu-shygharghan-myqty-tanysy-b.html