RU

"Бомжды" үйіне кіргізіп, елге жар салған әйел оны қаңғыбастар үйіне қайта тастап кетті (фото)

Ғұмырының 35 жылын медицинаға арнап, туыстарының сатқындығынан көшеде қаңғып қалған Жұмабек Дүйсембаев туралы NUR.KZ порталы бірінші болып жазған еді. Назарбаев университетінде оқитын ұлының "бомж" әкесінен бас тартуы да қоғамдық пікірталас тудырған.

Көпке танымал болған қарияны жергілікті БАҚ жарыса жазған сәтте алматылық Халида Иманжанова есімді келіншек Жұмабек ақсақалды үйіне алып кетіп, «ол енді "бомж" емес, өмірі өзгерді» деп жар салды.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында судья құны 19 миллионға тең мүлкінен айырылып қалды

Мейрімді келіншектің де ісін ерлікке теңеген телеарналар мен танымал басылымдар ол туралы жарыса жаза бастады. Алайда қаңғыбас қарияны бауырына тартқан әйелдің қайрымдылығы бір аптаға да жетпепті. Себебі, "үнемі қасында боламын" деген уәдемен Жұмабек қарияны үйіне алып кеткен алматылық келіншек "бомж" дәрігерді бес күннен соң бейімдеу орталығына қайта апарып тастаған.

«Жұмабек қарияны алып кетейік, біздің үйде тұрсын деп бірнеше адам келді. Соның ішінде Халида ханым да бар. Мен басында ескерттім бұл кісі ойыншық емес, бүгін әкетіп, ертең қайта өткізетін. Ойланыңыздар, қарт кісі, денсаулығы сыр береді. Сіздердің қате істеріңіз ауыр соққы болу мүмкін деп. Халида бой бермей, бәрі жақсы болады деп үйіне алып кетті. Бірақ мен білдім осылай болатынын. "Жұмеке, сіз уақытша қонаққа бара жатырсыз, қайтып келген соң қарттар үйіне орналастырамыз" деп психологиялық тұрғыда дайындаған болатынмын.

Айтқаным келді, бір аптаға толмай «Жұмабек Дүйсембаевты қайта апарсам болады ма?» деп Халида Иманжанова хабарласып тұр. «Не болып қалды?» деген сұрағыма «шетелге демалуға кетіп барамын» деді. Ертесі ақсақалды бейімдеу орталының қоршауының жанына тастап, кетіп қалған. Ішке кіргізіп, мән-жайын түсіндірер деп едім, ондай болмады. Аз уақыттың ішінде  отбасыда өмір сүріп үйреніп қалған қарияның бір апта болды жүйкесі сыр беріп, қатты ашулы. Қазір ардагерлер үйіне өткізейік деп күні-түні жүгіріп жатырмыз», - дейді Алматыдағы белгілі тұрағы жоқ азаматтарға арналған бейімдеу орталығының директоры Ақмарал Бекетова.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында судья құны 19 миллионға тең мүлкінен айырылып қалды

Бейімдеу орталығындағылар Жұмабек қарияны ендігәрі ешкімге бермейміз деп отыр. Ал, Халида ханымның қылығын экс-дәрігерде, орталықтың қызметкерлері де түсіне алар емес. 

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586979-tanymal-bomzhdynh-omiri-ozgeredi-dep-zh.html