RU

Танымал биші кезекті дайындығында бетін оңбай күйдіріп алды (фото)

Солтүстік ирландиялық биші Джо Робинсон достарына өзінің кезекті биінің элементтерін көрсету барысында құтыларды шатастырып алып, күйіп қалды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

38 жастағы үш баланың анасы АҚШ-та би сайысына қатыспақшы болған. Кезекті дайындықтардың бірінде достарына отпен жасалатын би элементін көрсету барысында ол құтыларды шатастырып алды. Нәтижесінде алау шығудың орнына әйелдің өзі өртене бастайды.

Джоның айтуынша, осы төрт секунд оған шексіз болып көрінген. Оған алғашқы көмекті достары көрсеткен, ал ауруханадағы дәрігерлер өмірін құтқарып қалған.

Тағы оқыңыздар: "Бомжды" үйіне кіргізіп, елге жар салған әйел оны қаңғыбастар үйіне қайта тастап кетті (фото)

Бишінің беті, қолдары, кеудесі тіпті көзі мен өкпесі қатты күйіп қалған.

Биші осы уақытқа дейін еміне  18 мың фунт жұмсаған, деседе ол әлі де толықтай жазылып кетемін деп үміттенеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587062-tanymal-bishi-qutyny-shatastyryp-betin.html