RU

ШҚО-да қоларбада жатқан үш айлық сәби тұншығып қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы ауылда үш айлық сәби қоларбада тұншығып көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қайғылы оқиға 12 тамызда Глубокое ауылында болған. Бастапқы мәлімет бойынша, анасының көңілі бөлініп кеткенде, қоларбада жатқан үш айлық сәби аунап етпетінен жатады да, салдарынан тұншығып қаза болған. Сәбидің денесінде ешқандай зақым белгілері табылмаған", — деп жазады басылым.

Тағы оқыңыздар: Үш әйелімен бір шаңырақ астында тұрып жатқан қызылордалық тұрғын елді тәнті етті (фото)

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Анасының кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587114-shqo-da-qol-arbada-zhatqan-ush-aylyq-sabi-t.html