RU

Үш әйелімен бір шаңырақ астында тұрып жатқан қызылордалық тұрғын елді тәнті етті (фото)

Қызылордалық шаруа Әбсаттар Мырзабеков үш бірдей әйелімен бір шаңырақ астында тұрады деп хабарлайды КТК арнасының "Главная редакция" бағдарламасына  сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әбсаттардың бәйбішесі Шынармен отасқанына 40  жылдан асқан. Шынардың жасы 63-те, Фатима 60-та, Күлайхан 37-де.

"Негізгі тапсырманы маған береді. Мен өзімнен кейінгілерге бөліп беремін. Біз отағасын үнемі "президентіміз" деп қалжыңдаймыз. Ал біздер министрлерміз. Мысалы мен сыртқы байланыстарға жауап беремін. Ал Фатима мен Күлайхан ішкі шаруаларды тындырып отырады", - дейді бәйбіше.

Тағы оқыңыздар: "Бомжды" үйіне кіргізіп, елге жар салған әйел оны қаңғыбастар үйіне қайта тастап кетті (фото)

Әбсаттарға тоқал алуға бәйбішесі Шынар ұсыныс жасаған. Басында ол жарының мұндай ұсынысына қатты таңғалған. Шаруа бірінші әйелін досы, әрі сырласы деп санайды.

"Менің өзім көп балалы отбасынан шыққанмын. Сол себепті менде күйеуім екеуміздің үлкен отбасымыз болғанын қаладым. Бірақ, тағдырдың жазғаны сол болып, мен бір ұлымды өмірге әкелген соң, жантүршігерлік апатқа түстім. Дәрігерлер маған бала сүйе алмайтынымды айтты", - дейді ол.

Осыдан кейін Шынар  өмірлік серігіне тоқал алуын және өзінің оған оң көзқараспен қарайтынын айтқан. Осылайша үйге Фатима келеді. Ол кезде оның жасы 29-да болған. Шынар бойжеткенді күйеуіне тұрмысқа шығуға көндірген. Ал Әбсаттардың екінші жары Фатима бәйбішені сыйлайтындарын айтады.

"Бас иені сыйлаған соң, бұл кісіні де сыйлаймыз ғой. Ол біздің отбасымыз үшін бәрін жасайды. Ең бастысы біз күйеуімізді жақсы көреміз. Ол бәрімізге теңдей қарайды", - дейді ол.

Шынар заңды әйелі, қалғандары мұсылманшылық жолмен некелерін қиған. Фатима Әбсаттарға екі қыз туып берген.  Осылайша отбасылық кеңесте олар тағы бір тоқал алу туралы шешім шығарады. Бұл жолы Әбсаттар үшінші жарын өзі таңдайтынын айтқан.

"Менде көп ойландым. Ол кезде менің жасым 21-де болған. Мен өзім үшін оның бірінші күйеуім, ал ол үшін үшінші жары болатынымды білдім. Бірақ ол кісі қатты ұнап қалды", - дейді отабсының ең кіші тоқалы Күлайхан.

Тағы оқыңыздар: Танымал биші кезекті дайындығында бетін оңбай күйдіріп алды (фото)

Үш әйел мен олардың бала-шағасы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрады.

"Әркімнің жүрегіне өзінше жол тауып және олардың бәріне бірдей қарау керексің", - дейді отағасы.

Олар үш әйел араларында кикілжің болмайды дейді. Ал, бәйбіше тоқалда біздей адам және бізге осылай тұрған ыңғайлы деп отыр.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587115-ush-ayelimen-bir-shanhyraq-astynda-turyp.html