RU

Мұсылман әйел бойын аулақ ұстайтын сегіз әрекет

Ислам дінін ұстанатын нәзік жандылар бойын аулақ ұстауға тырысатын сегіз әрекетті NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Сұлулығымен мақтану - мұсылман әйел өз сұлулығын табынушыларына көрсетіп, мақтанудан аулақ болады. Қарапайымдылықты басты қағидасы еткен нәзік жандылар атаққұмарлықтан барынша алыс болуға тырысады.

Тағы оқыңыздар: Үш әйелімен бір шаңырақ астында тұрып жатқан қызылордалық тұрғын елді тәнті етті (фото)

2. Ер адамның көзіне тіке қарау - мұсылман әйелдердің дені ер адамның көзіне тіке қарамайды. Тіпті өз тойында қалыңдық көз жанарын еденге бағыттап, кішіпейілділік көрсетеді. Тіке қарау тәрбиесіздік деп саналады.

3. Әкесінің немесе күйеуінің пікіріне қарсы шығу - әдетте мұсылман әйелдер ер азаматтың пікірі мен қалауына ерекше мән беріп, тіпті мұны заң деп қабылдайды. Ал ата-ананы сыйлау - өз алдына маңызды қағида.

4. Ашық-шашық киіну - әйелдер ашық-шашық, тіпті көзге бірден түсетін жарқын түсті киімдерден аулақ болады.

Тағы оқыңыздар: Өте жас көрінетін елудегі азамат қыз-қырқынның жүрегін жаулауда (фото)

5. Тұрмысқа шықпай жатып, пәктігінен айырылу - ислам дінін ұстанатын әйелдер тұрмысқа шыққаннан кейін ғана ерімен жақындаса алады. Пәктігін сақтай алмаған нәзік жанды масқараға қалған.

6. Салақ болу - мұсылман әйел өз киімінің тазалығына ерекше мән береді.

7. Балағат және бейәдеп сөздерді тыңдау - ислам дінін ұстанатын әйел балағат сөздер мен бейәдеп әрі ұятсыз мағынадағы әңгімелерден бойын аулақ ұстайды.

8. Ішімдік ішу - мұсылман әйел ішімдікті мүлде аузына алмайды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587151-musylman-ayel-boyyn-aulaq-ustaytyn-se.html