RU

Ақтөбелік депутат Сапарбаевтан мәселесін ағайыншылықпен шешіп беруді сұрады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәслихат депутаттарының алдында есеп берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бірінші жарты жылдыққа қорытынды жасаған өңір басшысы жасалып жатқан жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды. Армандарын да айтты, президенттің де ауылдан шыққанын депутаттардың есіне салды.

«Менің арманым, қалада салынып жатқан әрбір ғимараттың сыртынан қараған кезде оның не екенін айтып тұру керек. Біздің арманымыз, біздегі ақындар, композиторлар, жазушылар, әншілерді бір жерге жинау. Олар бір жерде өз ойларымен бөлісу керек. Таланттың бәрі ауылда. Президенттен бастап, бәрі ауылдан шыққан. Қалаға ауылдың балаларын алып келуіміз келек. Қазір қалада үлкен интернат жасақталып жатыр», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Тағы оқыңыздар: Үш әйелімен бір шаңырақ астында тұрып жатқан қызылордалық тұрғын елді тәнті етті (фото)

Өңір басшысына колледж басқарып отырған ақтөбелік депутат ағайыншылықпен мәселесін шешіп беруге өтініш жасады.

«Төтенше жағдай қызметі көзімізді аштырмай айыппұл салып жатыр. Сотқа беріп, айыппұл салады. Біздің қандай кінәміз бар? 2007, 2009 жылдары оқу орнында қоршаулар салынып тасталынған. Ондай қоршаулар қалалық соттың өзінде де тұр. Неге олар қалалық сотқа айыппұл салмайды. Департамент айтқан жарды алып тастасақ адам жүретін жер қалмайды. Бізге ағайыншылық жасап, жөндеу жұмыстары жасалғанша айыппұлды тоқтата тұруға көмектесуді сұраймын», - дейді облыстық мәслихат депутаты Амангелді Есіркепов.

Депутат ұсынысын қолдаған әкім судьяларға ескерту жасайтынын жеткізді.

«Айтқаныңыз өте дұрыс. Жазып алдым, олармен сөйлесеміз. Оларға әуелі өздеріңнен бастаңдар деп айтамыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587285-aqtobelik-deputat-saparbaevtan-mase.html