RU

Әйгілі Роналду өзіне сары қағаз көрсеткен төрешіні итеріп жіберді (видео)

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының жұлдызды футболшысы Криштиану Роналду Испания Суперкубогінің жауапты матчтарын өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.

«Реал Мадрид» шабуылшысы Роналду Испания Суперкубогі аясында «Барселонамен» өткен кездесудің 82-ші минутында екінші рет сары қағаз көрсеткен төрешіні итергені үшін төрт матчтан 12 матчқа дейін алаңнан шеттетілуі мүмкін. Португалиялықтың жөнсіз әрекеті төрешінің хаттамасында жазылған.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицей кепілмен бостандыққа шығуы мүмкін

Футболшы ең бірінші кезекте чемпионат матчтарында ойнаудан шеттетілмек. Ол бірінші сары қағазды «Барселонаға» гол соғып, үстіндегі футболкасын шешіп тастаған кезде алған болатын.

Еске сала кетейік, мадридтік «Реал» «Барселонаны» 3:1 есебімен ұтты. 16 тамызда өтетін қарымта кездесуде Роналду алаңға шықпауы мүмкін.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587397-aygili-ronaldu-ozine-sary-qaghaz-korse.html