RU

102 мың теңгенің жыры: әкімдік әртістердің автотұраққа қарызын кешіре салған

Астана әкімдігі әуежай тұрағы тарифтерінің неліктен әуелеп тұрғанын түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Су жаңа терминал ақылы тұрақ үшін ақыны тамыздың тоғызынан ала бастапты. Темір тұлпарын терминалда байлап кететіндерге тәулігі екі мыңдық жабық паркинг бар екен. Сондай-ақ, әуежай ғимаратынан алшақтау жерде тегін тұрақ та қарастырылыпты.

Ал әртістердің аузы күйгені – уақытша автотұрақ. Оның алғашқы жарты сағаты тегін, бір сағаты 300, екі сағаты 400, ал тәуліктетсең, яғни 7-8 сағаттан артыққа қалса басқа тарифпен - сағатына 1500-ден 2500 теңгеге дейін төлейсің. Сондықтан жауаптылар хабарландыруды оқымайтын жүргізушілердің өзін кінәлап отыр.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицей кепілмен бостандыққа шығуы мүмкін

Ал адамдар тегін тұрақ туралы естімедік деп азар да безер. "Алдымен ақылы автотұрақ туралы мәлімет алдымыздан шығады", - дейді олар.

Бір қызығы, қатардағы жүргізушілерге жылы қабақ танытпайтын әкімдік бүгін әртістердің алдында құрдай жорғалады. Олардың танымалдығы әсер етті ме, әйтеуір қымбат айыппұлды кешіре салыпты.

Бірақ онсыз да қалтасы тайыз басқа жүргізушіге әкімдік бұлай жұмсара бермес.

Тағы оқыңыздар: Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады

Бір анығы, автотұрақ үшін  әуежайдағы баға өзгермейді. Енді қалта қалың болмаса, нысанға көлікпен бару мүлдем тиімсіз. Оның үстіне тегін деп жар салған тұрақта орын бола қоймайды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587434-102-mynh-tenhgeninh-zhyry-auezhaydaghy-avtotu.html