RU

Қытайлықтар қазақ қызының ауыр тағдыры туралы мультфильм түсірді (видео)

Қытайлық студенттер "Аққұс" деген атаумен қазақ қызы туралы мультфильм шығарды деп хабаорлайды "New Times" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

()«Аққұс» деп аталатын мультфильмді Қытай коммуникация университетінің түлектері диплом жұмысы ретінде түсірген. Мультфильм сценарийін Го Зыхао есімді студент өзінің төрт топтасымен бірге жазып шыққан.

Мультфильм кейіпкерлерін дыбыстау мен аударма жұмыстарын олар Алтай қаласы Синьцзянь автономды округының телеарнасының көмегіне сүйеніп жасаған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік жастар күркеде тұрып жатқан отбасына қуаныш сыйлады (фото)

Мультфилм авторларының айтуынша, ол Қытайда тұратын қазақ жастарының рухани ерекшелігін көрсеткісі келген. 14 минутқа созылатын мультфильм Аққұс есімді қазақ қызының ауыр тағдырына арналған.

Мультфильмде жайлаудағы өмір, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көрсететін көріністер бар. 20 маусымда желі салынған мультфильм қазірде 2 миллион рет қаралған.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587641-qytaylyqtar-qazaq-qyzynynh-auyr-taghdy.html