RU

Танымал тележүргізушіге түсірілім барысында белгісіз біреу пышақ ала жүгірді

«ЧЕ» телеарнасының жаңа бағдарламасының түсірілімі барысында танымал тележүргізуші Влад Чижовқа қастандық жасала жаздады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Бағдарлама тақырыбы жалған ұялы телефондарды алып- сатар алаяқтар туралы болған. Влад Чижов қылмыскерлермен телефон сатып алатын адам ретінде жеке кездесуге келеді. Бірақ тележүргізуші телефонның сапасын тексеру үшін қосып көруге тырысқан еді, өтірігі шығатынын білген қылмыскер оған пышақ ала жөнелді.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақ әншісі Қайрат Нұртасқа деген ренішін жасыра алмай, елге жайып салды

Тележүргізуші өзінің «Дни.ру» порталына берген сұхбатында: «Мен кенеттен не болғанын мүлде түсінбедім. Мен жәй ғана телефонды қосып көрмекші болдым, дәл сол сәтте ол маған тап берді. Мен бұл істің шикі екенін түсіндім және соңына дейін баруға шешім қабылдадым»,- деді.

Қарулы қылмыскер оқиға орнынан сытылып шықпақ болып, бірнеше секундтан кейін қолға түседі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587811-tanymal-telezhurgizushige-tusirilim-b.html