RU

Шаштаразшы күйзеліске түскен жас қыздың ұйысқан шашын 13 сағат бойы тараған (фото)

АҚШ-та күйзеліске түскен жас қыз адам шошырлық күйге түскен. Жасөспірімнің әбден ұйысқан шашын шаштаразшы 13 сағат бойы тарапты. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ватерлоода тұратын шаштаразшы Кейли Олссон 16 жастағы жасөспірімнің шашын көргенде, өз көзіне сене алмаған.

Ауыр күйзеліске түскен қыз ұзақ уақыт бойы шашын мүлде тарамапты. Ол Олссоннан шашын тақырлап тастауын сұраған. Мектепте фотоға түсу үшін амалсыз осындай қадамға бармақ болған қызға шаштаразшы өзге жол ұсынды.

Тағы оқыңыздар: Жасы алпысқа тақаған кейуана ерекше көркімен жас қыздарды шаң қаптырды (фото)

Өз ісіне адал Кейли жасөспірімнің шашын ерінбей тарап, сәнді шаш үлгісін жасап берген. Алайда бұл жұмыс шаштаразшының 13 сағат уақытын алыпты.

Тағы оқыңыздар: Сахнаға іш киіммен шыққан қазақ қыздары көпшіліктің сынына ұшырады (фото)

"Сіздің арқаңызда бүгін мектеп фотоларында мен күлімсіреп жүремін", - деп қуанышын жасырмаған жасөспірім шашатаразшы әйелге алғысын жаудырды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587837-shashtarazshylar-kuyzeliske-tusken-zhas.html