RU

27 жастағы белгілі миллионер ақша бермей қойған анасы мен әпкесін аяусыз өлтірген

Лондондық миллионерлер отбасының мүшесіне анасы мен әпкесін 1,5 миллион фунд стерлинг үшін өлтірді деген айып тағылып отыр деп хабарлайды батыстық басылымдарға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оның 66 жастағы анасы Лили Коэн мен 33 жастағы әпкесі қызы Ханна өз үйлерінде өлі күйінде табылды.

Коэндер отбасы Лондонда аса беделді. Тұзды рогаликтермен танымал болған Beiger Bake наубайханасының иесі. Осы наубайхананың арқасында Коэндер бизнестерін дамытып отыр. Қылмыс орын алғанға дейін Джошуаның мұрагерліктен құр қалғаны мәлім болған. Тергеушілердің пайымдауынша, дәл осы жайт Джошуаны қылмысқа итермелеген.

Тағы оқыңыздар: Бойжеткен әріптесін пышақтаған жамбылдық полицейдің "былықтарын" жайып салды (видео)

Джошуаның марқұм әкесі осы наубайхананың негізін қалаған, ал оның үш ұлы осы істі дамыта түскен. Әкелерінің соңғы өсиетінде 2 ұлының наубайхананың директоры болып тағайындалатыны, ал кенже ұлы Джошуаның отбасылық кәсіптен аластатылғаны туралы жазылған.

Коэндер отбасының достары мен таныстары бұл оқиғаға қатты таң қалды. Марқұм Лили «Coco cakes» деп аталатын кондитерлік дүкеннің иесі болған, бірақ қазір дүкеннің жұмысы тоқтап тұр. Миллионерлердің отбасылық достары болған жайтқа өздерінің өкініштерін Facebook парақшаларында білдіруде. Қазіргі таңда оны полиция қызметкерлері тергеуге алған.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587933-27-zhastaghy-tanymal-millioner-ozine-aqsha.html