RU

Сәкен Майғазиев сырға тағып, шашын түрлі түске бояйтын әншілерге жанайқайын жеткізді

Шаштарын бағдаршамдай түрлі-түске бояйтындарды ұға алмайтын Сәкен Майғазиев жанайқайын әзілмен жеткізді.

Бұл туралы әнші Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында айтты.

"Жақында өзім бір әзіл ойлап тауып жатырмын. Құлақтарына, мұрындарына сырға тағып, көздерін, шаштарын қызылға, жасылға бояп жатқандарды көрген кезде, бір ата сұрапты. "Мына оңбағандарға айтатын ата-анасы жоқ па, ұрсатын?" десе, екіншісі: "Ата, оларды әке-шешелері танымайды ғой" деген екен", - дейді әнші.

Тағы оқыңыздар: Танымал тележүргізушіге түсірілім барысында белгісіз біреу пышақ ала жүгірді

Әнші жас ұрпақтың оларға еліктеп кететініне кепіл жоқ екенін алға тартады.

«Ертең өскелең ұрпақ осындай ағымдарға тез ілесіп кетуі неғайбыл. Ұлы тұлғалардың ұмытылып, тәрбиеге кері әсер ететіндердің кеңірек насихатталып жүргендеріне қарны ашады»,  - дейді ол.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587935-saken-mayghaziev-shashyn-boyaytyn-anshile.html