RU

Аста-төк той жасаған филиппиндік байдың балалары әлемді өзіне қаратты (фото)

Филиппиндік олигархтың балалары аста-төк тойларымен әлем назарын өзіне аударуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мейрамхананың жартысын алатын алып торт, миллиардтаған қаражатқа жайылған дастархан Филиппин еліндегі тойларда жиі көрініс табатын болған.

Тағы оқыңыздар: Қарағандылық жігіт әйелінің опасыздығын телефондағы нөмір арқылы біліп қойды

Аталмыш елдің байлары үйлену тойын атап өту кезінде, тіпті Ресей олигархтарының тойларын шаң қаптыратынды шығарды.

Ең қымбат мейрамхана Safisa-да түрлі әлем жұлдыздары той қонақтарының көңілін көтеріп жатады.

Тағы оқыңыздар: Ресей Қазақстанға "Сладкое" көлінің жартысын бере салды

Олардың өнер көрсетуі миллондаған доллар қаражатқа түсетіні анық.

Жақында жергілікті актриса Рошель Пангилинан модель әрі актер Артур Солинапқа тұрмысқа шығып, Тагайтай қаласында дүркіретіп той өткізді.

Қалыңдық етегі үш метр ұзындыққа дейін баратын танымал испаниялық дизайнердің қымбат көйлегін киіп шықты. Көйлек мыңдаған Сваровски тастарымен безендіріліп, Рошель нағыз ханшайымдай жарқырап жүрді.

Кеңесші Рикарра Энрикеза мен оның сүйіктісі Шиле Ласияның тойы да қыруар қаражатқа жасалды. Ал магнат Блейк Гоға тұрмысқа шыққан блогер Лица Ли тойға алтын жалатылған көйлек киді.

Бұл елде миллионерлер Леди Гаганы тойға шақыруды әдетке айналдырған.

Байлар арасында тойда қыруар ақша жұмсаудан жарыс басталғандай әсер қалдырады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1587952-asta-tok-toy-zhasaghan-filippindik-bayd.html