RU

Жетім жігітті аяусыз сабаған атыраулық полицей жазадан құтылып кетті

Атырауда «жетім жігітті сабады» деп айыпталған Теңіз селосының учаскелік инспекторы Дархан Аманғалиев кешегі өткен сот отырысында ақталып шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

«Кешегі сот отырысында учаскелік полицейдің Теңіз ауылының тұрғыны Біржан Бисенәлиевті ұрмағаны дәлелденіп, ол ақталып шықты. Арызданушыны құқық қорғаушының туысқан ағасы ұрған. Ал тәртіп сақшысы мен ауыл тұрғынының арасында бұрын да түсінбеушілік болған. Осыған байланысты Біржан Бисенәлиев ішкі істер қызметкерін кінәлап отыр»,- деді Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Инспектор полиция этикасын бұзды

Учаскелік инспектор қазір еңбек демалысында екен. Жұмысқа шыққан күні ішкі істер департаментіне шақыртылып, тәртіптік кеңеске салу жоспарланып қойған.

Тағы оқыңыздар: Астанада ЭКСПО көрмесі қар түскенше жалғасуы мүмкін

«Бұл жерде учаскелік инспектор полиция этикасын бұзып отыр. Яғни төбелескен азаматтарды ажыратпау, таяқ жеген жігітті ауруханаға апармау секілді. Соған байланысты біз шара қолданамыз. Яғни тәртіптік кеңес кезінде инспекторды жұмыстан шығару жағын қарайтын болады», - деді баспасөз хатшысы.

Бас сүйегі зақымдалып, миы шайқалған азамат болса соттың әділ өтбегеніне ашулы.

"Сот кезінде инспектор куәлігін "дүкенде түсіріп алдым" деп мойындады. Ал, мені ешкім ұрмады деп отыр. "Удай мас болып  машинада келе жатып ағаммен төбелескен соң екеуін ажыраттым" деді. Менің арақ ішпегенімді дәлелдейтін құжатым бар болғанымен судья "Cені полиция сабағанын көрген куәгерің жоқ" деген желеумен Дархан Амағалиевты ақтап жіберді" деп кейіді Біржан Бисенәлиев.

Естеріңізге сала кетсек, редакциямызға атыраулық жігіт хабарласып, өзін итше сабаған полиция қызметкері Дархан Аманғалиевтың жазадан құтылып кетуі мүмкін деген  видеосын жіберген еді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588008-zhetim-zhigitti-ayausyz-sabaghan-atyraul.html