RU

Алтынға малынып жүрген жас жұбайлар жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде сыған тойында алтын көйлек киіп шыққан жас қалыңдықтың видеосы қызу талқыға түсуде деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Сыған тойы. Фата мен қалыңдық көйлегі алтыннан тігілген", - деп жазылған видеода.

Желі қолданушыларының бірі жас жұбайлардың алтынға малынып жүргеніне таңданыс білдірсе, енді бірі олардың тым жас көрінетініне аң-таң екенін жасырмады. Тіпті кейбірі жас жұбайлар кәмелет жасқа толмаған деп топшылап отыр.

Тағы оқыңыздар: Аста-төк той жасаған филиппиндік байдың балалары әлемді өзіне қаратты (фото)

Айта кетерлігі, сығандардың тойды дүркіретіп өткізуі таңсық жағдай емес. Жақында словакиялық сығандар Эвка мен Лукастың аста-төк тойы әлем жұртшылығын өзіне қаратқан болатын. Тойда қалыңдық 175 мың долларлық той көйлегімен шыққан.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588090-altyngha-malynyp-zhurgen-zhas-zhubaylar-zh.html