RU

ЖОО мен колледж түлектері жұмыс істеу үшін қайда барады?

Мемлекеттік статистика қазақстандық еңбек нарығында ешқандай қиындық жоқ, бәрі керемет әрі гүлденіп келеді дегенге сендіруде. Әдетте толыққанды емес екіұдай ақпарат беріледі. Ал бұл өз алдына мемлекеттің рационалды жоспар жасауы үшін кедергі келтіреді.

Мысалы, статистика Комитетінің мәліметтері бойынша, 2017 жылдың II-ші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрады, ал жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) – 4,1%. Мұның өзінде жұмыспен қамтылған азаматтар – 24,0% (2 миллион 159,3 мың адам). Жұмыс күші – 8 миллион 980,3 мың.

Аталмыш жұмыспен қамтылғандар шын мәнінде кім және олар немен айналысады? Жұмысы барларды есептеу әдісінің өзі күдік туғызады, себебі статистика Комитетінің мәліметінше, өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандардың 105,5 мыңы - жұмыс беруші. Бұл өз алдына өзін жұмыспен қамтуды анықтаудың жалпыға ортақ түсінігіне кереғар.

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылғы білім және ғылымды дамыту бағдарламасының растауынша, түлектердің оқу орнын бітірген жылдағы жұмысқа орналасу көрсеткіші - 71 %. Оның өзінде біз ЖОО түлегінің жұмысқа орналасуының қандай қиын екенін білеміз. Біз тіпті бітірушілерге жұмысқа тұрғаны туралы анықтама қағазын әкелмесе, диплом беруден бас тартатындарды естиміз.

Бұл көзбояушылық кімге және не үшін қажет?

NUR.KZ оқырмандарына мемлекеттік статистика қаншалықты дұрыс екенін өздері анықтауды ұсынамыз. Төмендегі тоғыз ұсыныстан өз нұсқаңызды табыңыз:

Ұялы телефон арқылы мына сілтеме бойынша дауыс бере аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588116-zhoo-men-kolledzh-tulekteri-zhumys-isteu.html