RU

«Эйр Астана» әуекомпаниясы шулы оқиғаға қатысты пікір білдірді

«Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз қызметі «Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткенім үшін полиция қамауға алды» деген видео авторының әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«14 тамыз күні Астана-Алматы бағытындағы КС 954 ұшағындағы жолаушы әуе кемесінің қонуға жақындауы кезінде айтылған қауіпсіздік ережесін орындауға қарсылық танытты. Жолаушыға алдындағы үстелді жинау туралы ескертпені борт серік үш тілде айтқан. Сөйте тұра жолаушы аға бортсеріктің өзіне жеке қызмет көрсетуін талап етіп, экипаж мүшесінің үстел жинауына кедергі келтірген.

Ұшақтың қонуға дайындалған сәтінде барлық жолаушы үстелдерін жинап, қауісіздік белбеуін тағуға міндетті. Бұл ережені сақтамағандар борттағы жолаушылардың өміріне қауіпсіздік тудырады. Видеода тек жолаушы хаттама алу кезіндегі сәті түсірілген. Бортсерік оған әуе кемесінің командирі қол қойған естерту қағазын берген кезде де жолаушы қорқытқан.

Ұшақ Алматыға келіп қонған сон азамат полицияға тапсырылды. Олар өз кезегінде жолаушыға қазақ тілін талап еткені үшін емес, әуе кемесіндегі ішкі тәртіпті бұзғаны үшін айып салды. Сондай-ақ «Эйр Астана» компаниясының қызметкерлеріне қойылатын басты талаптың бірі қазақ тілін жетік білу. Біздің әрбір жұмысшы осыған сай сынақ тапсырып, арнайы тексеруден өткен» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Огус Доган есімді азамат «Дəл қазір Алматы əуежайының полиция бөлімінде ұсталып отырмын. Қазақ тілінде қызмет алғым келгені үшін» деген жазба қалдырып, басынан өткерген оқиғасы жайлы видео жариялаған еді.

Тағы оқыңыздар: Жас жұбайлардың әрекеті Алакөлде демалушылардың ашу-ызасын туғызды (фото, видео)

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588198-eyr-astana-aue-kompaniyasy-shuly-oqigh.html