Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оң босағада отырып қалған отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Қазіргі таңда көптеген жұлдыздар өнер жолында жүріп жеке өміріне көңіл бөлуге уақыт таппай жатады. Сондықтан болар көпшілігі 30-ға таяған жасында отбасын құрып, балалы болып жатса, енді біреулер әлі күнге дейін сәттілік сағатын күтуде.  NUR.KZ порталы қазақ өнеріндегі кәрі қыздардың топтамасын жариялайды.

Жанар Дұғалова

Айрықша даусымен талайды таңғалдырған ару 1987 жылы қаңтарда туған. Әншінің талай пікірталас тудырған соңғы бейнебаяны Жанарды тыңдармандарына жаңа қырынан танытқан болатын. Дегенмен, оған үйленуге ұсыныс жасағандардың арасында әзірше лайықтысы табылмай жатқан секілді.

Әсел Садуақасова – актриса, 1985 жылы дүниеге келген. Соңғы жылдары актрисаның өмірі мен шығармашылығы ұқсас болып бара жатқандай. Асел басты рөлдерді сомдаған «Замуж в 30», «Келинка тоже человек» фильмдері соған дәлел.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмаханның "хит" әнін шырқаған әжелер желіде жұлдыз болды (видео)

Гүлназ Жоланова – актриса 1993 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Актрисалық карьерасын енді ғана бастаған Гүлназ күйеуге шығуды әзір жоспарламайтын секілді.

Кәмшат Жолдыбаева – әнші әрі актриса 1988 жылы туған. Спортты жанына серік еткен Кәмшаттың дене бітімі, сырт келбеті әншінің отыздан асқандығын байқауға жол бермейді.

Луина – әнші, Жанар Дұғалованың түйдей құрдасы, яғни ол да 1987 жылы дүниеге келген.

Тағы оқыңыздар: Сәкен Майғазиев сырға тағып, шашын түрлі түске бояйтын әншілерге жанайқайын жеткізді

Мақпал Исабекова – әнші, 1984 жылы дүние есігін ашқан. Өнер жолында аса танымалдылыққа ие әншінің жеке өмірінде жолы болмай жүрген сияқты. Мақпалдың тыңдармандары тойдың ауылы алыс деп біледі.

Жәния Джуринская – актриса, 1990 жылы туылған. Соңғы жылдары бизнесте де, өнерде де белсенділік танытып жүрген Жәния жақын арада тұрмыс құруды ойламайтын секілді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1588302-onh-bosaghada-otyryp-qalghan-otandyq-zhul-3/

pixel