RU

Қазақстан тумасы Ресейде алып баланы дүниеге әкелді (фото)

Ресейдің Свердловск облысы Каменск-Орал перинаталдық орталығы алып балаға жүкті келіншекті кесар тілігінсіз өздігінен босандырып алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kstnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алып балаға Руслан есімі берілді. Оның бойы – 64 сантиметр. Анасы Алмагүл Нысанова емханадан үйіне оралды. Екеуінің де денсаулық жағдайы жақсы.

Алмагүл - Қостанай облысы Терентьевка ауылының тумасы. Өткен жылы ол Ресейге көшіп барып, кафелердің біріне жұмысқа орналасқан. Сол жерде болашақ жарымен танысып, балалы болды. Алмагүл әлі де Қазақстан тумасы екеніне қарамастан, дәрігерлер оны тегін босандырған.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмаханның "хит" әнін шырқаған әжелер желіде жұлдыз болды (видео)

Қостанай облысының бас акушер-гинекологы Иван Янцен өңірде алты келіден асатын алып балалар соңғы жылдары дүниеге келмегенін айтты.

Өткен жылы салмағы төрт келіден асатын 1440 бала, бес келіден асатын 12 бала дүниеге келген. Олардың ішіндегі ең алыбы - 5800.

Алмагүл алып бала тууын ата-бабасының алып болуымен байланыстырып отыр. Оның анасы да үш баласын шамамен төрт келі салмақпен босанған екен. Ал Алмагүлдің тұңғышының салмағы - 4,150 келі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588330-qazaqstan-tumasy-reseyde-alyp-balany.html