RU

Малайзия ханшайымы мен қарапайым футболшының тойы әлем назарына ілікті

Малайзия ханшайымы Тунку Тун Амина Султан Ибрагим голландиялық футболшы Деннис Мухаммад Абдуллаға тұрмысқа шығып, әлем назарына ілікті. Бұл туралы NUR.KZ порталы ibtimes.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қос ғашықтың махаббат хикаясы үш жыл бұрын басталып, осы жылдың 14 тамыз күні некелері қиылды.

Ханшайымның әкесі Джохор сұлтан қызының тойын сарайда дүркіретіп өткізді. Голландиялық күйеу жігіт ғашығымен таныстығынан кейін 2015 жылы ислам дінін қабылдаған. Сол себепті, той таза мұсылмандық дәстүрмен атап өтілді.

Тағы оқыңыздар: СІМ: Ресей Қазақстанға көл "сыйлады" деу - орынсыз

Деннис тойда дәстүрлі малайзиялық киім киіп, қалыңдыққа қалың малын төледі. Тойға кемінде 1200 қонақ шақырылып, 31 жастағы ханшайым өз сүйіктісімен табысты.

Айта кетерлігі, Деннис - бұрынғы жартылай кәсіби футболшы. Ол ханшайыммен кафеде танысып, махаббат ұшқыны пайда болған.

Джохор күйеу жігітке Құранның көшірмесін, жайнамаз бен алтын жүзікті сыйға тартты.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың әкесімен бірге анасы да ән айтып, сахнаға шықты

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588379-malayziya-khanshayymy-men-qarapayym-fut.html