RU

Мешіт ішінде ұрандатқан шымкенттік жігіттер елдің ашуына тиді (видео)

Ғаламтор желісінде Шымкенттегі орталық мешіт ішінде «Нұрсұлтан-Қазақстан» деп ұрандатып жатқан жастардың видеосы қызу талқыға түсті.

Аталған видеоны заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзінің парақшасында жариялаған.

«Дін апиын! Саясатқа діни жат ағымдар араласқан кезде Алланың үйі цирк алаңына айналады. Елбасымыз үш жыл уақыт берді бұлардың бері қарауына, ал бұлар елбасымыздың атын жамылып осылай айқайлауға көшті. Елбасын шын қолдаған адам бұлай мешітте ұрандамайды! Жағымпаздықтың да шегі бар ғой.

Оңтүстікте діни ахуалдың өршіп тұрғанын осы видеодан байқауға болады. Алланың сенімді құлы имамды сыйламай тұрған мына жігіт Елбасыны қайдан сыйласын? Ертең осылай өздеріне бір-бір лидерлерді сайлап алып мешіттерді жармасына кім кепіл?», - деп жазды қоғам белсендісі.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да табылған «Алтын адам» жерленген бойда-ақ тоналған болып шықты (видео)

Аталған видеоның соңына таман жиылған жігіттердің әрекетін "дұрыс емес мына істерің, бұлай жасауға болмайды" деп ренішін білдірген имамға жас жігіт ақталып әлек.

Артынша белгілі болғандай, ер адам  Шымкенттегі орталық мешіттің имамын алдап "құраннан хадистер оқимыз" деп жұртты жиып алып, саяси ұрандатқан.

«Мешіт саясат алаңы емес, бұл халықтың Алланың алдында құлшылық жасайтын орны. Бізде ҚМДБ бекітіп берген ережеге сай адамдардың топтасып жиналып, жеке іс-шарасын өтізуіне болмайды. Мешіт ішіндегі шуды ұйымдастырған азаматты шақырып алып, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Ол мешіт ішінде ұрандауға болмайтынын білмейді екен. Кешірім сұрады. Ал, оның бұл әрекетін біз түсінбей қалдық», - деді облыстық бас имам Ахметжан Керімбеков.

Алланың жердегі үйінде жиын жасаған жігіттің үстінен құзырлы органға ешкім арызданбапты.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588417-meshit-ishinde-urandatqan-shymkenttik-zh.html