RU

ШҚО-да табылған «Алтын адам» жерленген бойда-ақ тоналған болып шықты (видео)

ШҚО-да табылған «Алтын адам» жерленген бойда тоналған болып шықты. Бұл туралы қорғанға арнайы барған астаналық блогерлерге «Берел» қорық-музейінің қызметкерлері айтып берді.

Ғалымдардың айтуынша, қабірдің бір шетін тоннель қылып қазып кіріп, табытты тескен де, аяғынан тартып шығарып, барлық алтын бұйымдарды алып шығып кеткен.

"Дәл бұлай тура қазу үшін мүрденің қалай жатқанын білу керек. Демек, қалай жерленгенін көргендер ғана осылай істей алады", - дейді ғалымдар.

Тағы оқыңыздар: Қазақстан тумасы Ресейде алып баланы дүниеге әкелді (фото)

Қазір қорғанда тоналғаннан қалған аздаған алтынның жұқаналары қалған. Сонымен қатар, адамның сүйек бөліктері мен жылқы сүйектері қалыпты.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда әйелін қызғанып, төрт жасар қызын пышақтаған өгей әке қамауға алынды

Сондықтан да бұл «Алтын адам» ғалымдар тарапынан мойындалмайтын секілді.

Осы кезге дейін еліміздің көп жерінен табылып жатқандардың барлығы толық емес. Жалғыз Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» ғана мойындалады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588426-shqo-da-tabylghan-altyn-adam-zherlenge.html