RU

Қазақша білмейтін қазақтар үшін ұялған орыс балақайдың видеосы талқыға түсті

Әлеуметтік желіде қазақша түсінбейтін қазақтар үшін ұялған орыс балақайдың видеосы қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видео авторының айтуынша, Фараби есімді қазақ бала көрші тұратын орыс бала Артеммен достасып, орыс тілін меңгермек болады. Алайда, одан бұрын қазақшаны шебер үйреніп алған Артем жұрттың көңілін марқайтып тастады.

"Қазақша білмейтін қазақтарға "ұят-ай" деймін", - дейді Артем.

Видеоны көрген желі қолданушылары талабы зор балаға ақ тілектері мен мақтауларын жаудырды.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да табылған «Алтын адам» жерленген бойда-ақ тоналған болып шықты (видео)

"Жарадың, акцент те жоқ", "Əй азамат , ұят-ай деп тура айттың ғой", "Шала қазақтар көру керек мынаны", "Қандай керемет! Риза болып отырмын, кəдімгідей", "Орысша үйретем деп, қазақша үйреніп кетіпті ғой", "Фарабиді барлық шала қазақтармен достастыру керек", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588476-qazaqsha-bilmeytin-qazaqtar-ushin-uyalgh.html