RU

СІМ: Ресей Қазақстанға көл "сыйлады" деу - орынсыз

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Сладкое көлін сыйға беруі туралы пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың мәлімдеуінше, көлдің бір бөлігі Қазақстанның аумағында жатқан көрінеді.

"Біріншіден, Ресей Қазақстанға көл сыйлады деу - орынсыз. Өйткені, көлдің бір бөлігі бұрыннан Қазақстан аумағына кіреді.

2005 жылдың 18 қаңтардағы Қазақстан мен Ресейдің арасындағы келісім бойынша шекара орнатылған.

Шекараның аталған аймағына ресейлік және қазақстандық жақпен бекітілген арнайы белгілер орнатылды. Аумақта ешқандай айырбас болған жоқ", - дейді Жайнақов.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да табылған «Алтын адам» жерленген бойда-ақ тоналған болып шықты (видео)

Естеріңізге сала кетсек, Ресейдің Новосибирск облысының аудан орталығы Купинодан 20 шақырымда орналасқан "Сладкое" көлі Қазақстан иелігіне өткені туралы хабарланған болатын.

"Көлдің жартысы онсыз да Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл көл балықсыз, тек табиғат көркі. Экономикалық салаға еш әсері жоқ. Ал Горькое көлінің жөні бөлек. Оның емдік қасиеті бар. Сладкое болса, жартылай көл, жартылай батпақ. Еш пайдасы жоқ", - деді Купинское ауданы әкімшілігінің басшысы Владимир Шубников.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588601-sim-resey-qazaqstangha-koldi-syylady-d.html