RU

Алакөлде бассыздық жасап, той кортежін ұйымдастырған жастар жазаланды

Алакөл жағалауында той кортежімен жүрген жастар әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үржар аудандық ІІБ полиция қызметкерлері 13 тамызда сағат 19:00 шамасында демалыс орнындағы тратуармен жүріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көліктерді кеше анықтады», - деп аталып өткен облыстық ІІД хабарламасында.

Той кортежіне қатысқан 7 автокөлік жүргізушісіне полиция әртүрлі баптар бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырды. Айыппұлдың жалпы сомасы 158 830 теңгені құрады.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да табылған «Алтын адам» жерленген бойда-ақ тоналған болып шықты (видео)

Естеріңізге сала кетейік, желіде Алакөл жағалауында демалушылардың жанынан өтіп бара жатқан той кортежінің видеосы жарияланған болатын.

Той кортежі көл жағалауында жүріп қана қоймай, сол аумақтағы орындықтарға зақым келтірген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588651-alakolde-bassyzdyq-zhasap-toy-kortezhi.html