RU

Қостанайлық азамат анасын қорғамақ болған ұлын ұйықтап жатқанда ұрып өлтірген

Анасын қорғамақ болған жас жігітті туған әкесі соққының астына алған. 52 жастағы ер адамның ісі облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған арнайы сотта қаралады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Істің материалдарына сүйенсек, 1 маусым күні түнде Алчановка ауылында ер адам әйелімен жанжалдасып, оны бірнеше рет ұрған. Әйел адам үйге оралған ұлына шағымданады. Оны естіген жас жігіт ұйықтап жатқан әкесін оқтаумен бастан бір ұрып, үйден қуып шығады.

Ашуға булыққан әке ұлы мен оның бірге тұратын әйелі ұйқыға жатқан уақытта бөлмелеріне кіріп, металл сүйменмен үш рет ұлының басынан ұрады. Жас жігіт есін жимастан оқиға орнында көз жұмған.

Тағы оқыңыздар: СІМ: Ресей Қазақстанға көл "сыйлады" деу - орынсыз

Жігітті аяусыз соққыға алып жатқанда, бірге тұратын әйел айғайлап, ер адамға жалбарынады, бірақ қаныпезер әке оны да сүйменмен бірнеше рет ұрған.

Ауыл тұрғынына "Кісі өлтіру" және "Қастандық жасау" баптары бойынша айып тағылды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588676-qostanaylyq-azamat-anasyn-qorghamaq-b.html