RU

Базарда ұрлық жасағаны видеоға түсіп, масқарасы шыққан ауыл әкімі қызметінен кетті

Ресейде базарлардың біріндегі әрекетіне байланысты дауға қалып, әлеуметтік желіде жұрттың талқысына түскен атыраулық ауыл әкімі сайлауда жеңіліп қалды деп хабарлайды Baq.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

«14 тамыз күні Атырау облысындағы кейбір ауылдық округтерде әкімдер сайлауы өтті. Оның ішінде Құрманғазы ауданына қарасты Сафоновский ауылдық округі де бар. Сайлауға түскен кандиттар арасында қазіргі әкім Есенбек Сатылғанов та болған», - деп жазады басылым.

Құрманғазы ауданы әкімнің аппарат жетекшісі Нұрлыбек Қалиевтің сөзіне қарағанда, Сафоновский ауылдық округінің әкімі атану үшін үш кандидат сайлауға түскен. Олар – Роза Хамзаева, Асылбек Әнесов және Сатылғанов.

Тағы оқыңыздар: СІМ: Ресей Қазақстанға көл "сыйлады" деу - орынсыз

Кандидаттарға дауыс беруге аудан мәслихатының 13 депутаты қатысқан. Нәтижесінде Роза Хамзаева көп дауыс жинап, ауыл әкімі атанды.

Есенбек Сатылғанов бірде-бір дауыс ала алмаған.

Бұдан бөлек Қалиев «Ауыл әкімінің қатысуымен болған Астрахан оқиғасы тәртіптік кеңесте қарала ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Бұл оқиға кезінде Сатылғанов еңбек демалысында болған. Ол 10 тамыз күні сайлауға санаулы күн қалғанда жұмысқа шығуы керек еді. Бірақ еңбекке жарамсыз жағдайда болғандықтан жұмысқа шықпады. Тәртіптік кеңес бұл істі сол адам жұмысқа келген жағдайда ғана қарай алады. Сол кезде ол адамнан түсініктеме алынып, ары қарай тексеріс басталады. Бұл азаматтың әрекеті мемлекеттік қызметкердің моральдық және этикалық нормаларына сай келмейді. Оған қоса, ұрлық туралы сөз болып жатыр», - деді Қалиев.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың әкесімен бірге анасы да ән айтып, сахнаға шықты

Округ әкімі болардан бұрын Есенбек Сатылғанов орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Сафоновка ауылында «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып жұмыс істеген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588693-bazarda-urlyq-zhasaghany-videogha-tusip.html