RU

Атышулы Төлешовтің сегіз жер учаскесі мен төрт зәулім үйінің тағдыры белгілі болды

Тоқтар Төлешовтің сегіз жер учаскесі мен төрт коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Бұл туралы Астана арнасына қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әйгерім Жұмағұлованың берген ақпарына сүйенсек, «сыра королі» атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған «Фосфоршылар сарайының» тағдыры да шешілетін күн алыс емес.

Тағы оқыңыздар: Алматыда грант иегерлерінің жаңа тізімі тағы үлкен дауға ұласты

Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал сегіз бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр.

"Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылатын болады", - дейді Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588822-atyshuly-toleshovtinh-segiz-zher-uchaskes.html