RU

Әуежайда ұсталған түрік азаматы: Бортсерік қазақ жұртынан кешірім сұрасын (видео)

Бортсеріктен қазақ тілінде сөйлеуін талап етемін деп жазаға тартылған түрік азаматының өкпесі қара қазандай. Енді ол орыс тілінде қызмет көрсеткен стюардесса қазақ халқынан кешірім сұрасын деп бекініп отыр. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Күні кеше «Air Astana» әуе компаниясының Астана-Алматы бағытының рейсі кезінде экипаж ішінде ережені бұзды деген себеппен жолаушы азамат Огуз Доган қамауға алынған болатын. Бұл туралы жолаушының өзі желідегі парақшасында жария етті.

«Дәл қазір Алматы әуежайының полиция бөлімінде ұсталып отырмын. Қазақ тілінде қызмет алғым келгені үшін» делінген жазбада. Тіпті желіде бортсеріктің орыс тілінде жолаушыға ережені бұзғаны туралы ескерту жасап жатқан сәтінің видеосы тарады. Ал жолаушы Қазақстанда қазақ тілінде қызмет алғысы келетінін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар: Павлодар облысында құбыр жүргізіп жатқан жұмысшылар адам сүйектерін тауып алған

Ұшақ жерге қона салысымен жолаушыны полицейлер ұстап әкетіп, қамауға алады. Компания қызметкерлері оған ұшақ ішінде өзгелердің өміріне қауіп төндірді деп шағым түсіріпті.

Азамат Огуз Доганның әуе компаниясына деген нарызылығы туралы тағы бір видео желіде тарады. Онда жолаушы борт серіктен мемлекеттік тілде сөйлеуін талап еткені үшін 6800 теңге көлемінде айппұл төлегенін айтқан.

Өз сөзінде Доган мырза тұтастай бір елдің мемлекеттік тілінде түсіндіруін талап еткені үшін айппұл салу дегенді ұятқа балап отыр.

Тағы оқыңыздар: Жетім жігітті аяусыз сабаған атыраулық полицей жазадан құтылып кетті

«Маған 6800 теңге айыппұл салды. Ол ешнәрсе емес, негізі бұл мәселе бойынша бір тиын да айыппұл салу ұят. Егер бұл ұлттық әуекомпаниясы болса, Қазақстан азаматы орыс па, қазақ па маған бәрібір, мемлекеттік тілді қорлағаны үшін компания орыс қызын (автор: орыс тілінде ескерту жасаған бортсерік) жауапқа тартып, шара қолдану керек.

Сосын орыс қызы менен емес, қазақ халқынан кешірім сұрауы керек. Мен соны талап етіп отырмын, маған ешнәрсе керек емес. Бұл менің ғана емес, қазақ ұлтының проблемасы. Біз барлық ұлттарды құрметтейміз, қазақ елін, қазақтарды, қазақ тілін құрметтеуді де сұрауға біздің қақымыз бар», - дейді жауапқа тартылған жолаушы.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588948-auezhayda-ustalghan-turik-azamaty-orys.html