RU

Араб елінен келген саяхатшылар Ыстықкөлде шомылу харам екенін айтты

Біріккен Араб Әмірліктерінен келген саяхатышлар әжетхананың жоқтығынан Ыстықкөлде шомылмай қойды. Олар көлді харам деп таныған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Knews.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Facebook қолданушысы Александра Мельникова желі парақшасында бұл туралы өзі қонақтаған үй иелерінен білгенін жазған.

Тағы оқыңыздар: Мен оны сүйемін: Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелін татуласу үшін ұрлап кетіп, соққыға жыққан

"Ол Араб Әмірліктерінен келген қонақтарды Ыстық көлге алып барды. Саяхатшылар көлге шомылмай, жағалап жүрумен ғана болған. Біраз қыдырғаннан кейін Бішкекке қайтуды сұраған туристерді үй иесі сұрақтың астына алды. Олар көлге шомылмауының себебін жағажайда бірде бір әжетхананы байқамағанымен түсіндірді. "Адамдар көлге дәрет сындырады деген сөз. Біз күніне бес рет намаз оқимыз. Ондай суда шомылу - харам" деген екен", - дейді Александра Мельникова.

Желі қолданушыларының бірі саяхатшылардың сөзін жақтаса, енді бірі қандай жағдай болмасын, Ыстықкөлде шомылудан бас тартпайтынын жарыса жазуда.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1588960-arab-elinen-kelgen-sayakhatshylar-ystyq.html