RU

Танымал қазақстандық ұры Леха Семипалатинскийді Украинадан қуып жіберді (видео)

Украина өз аймағынан танымал қазақстандық ұрыны қуып жіберді. Бұл туралы Украина ұлттық полициясы төрағасының орынбасары Вячеслав Аброськин Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Gordonua.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Танымал қазақстандық ұры Леха Семипалатинскийді елден қуғаны сол-ақ еді, ресейлік Хусейн Слепой есімді тағы бір ұры немесе оның егіз бауыры Хасан бізге Венадан "іссапармен" келді", - деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Айсәуле Бақытбек жан сырымен бөлісіп, желідегі оқырмандарын жылатты

Ұлттық полиция өкілінің пікірінше, қылмыс әлемінің серкелері Украинаға "іссапармен" келе отырып, елдегі жағдайды ушықтыруды көздейді. Ол қылмыскерлердің Украинада емін-еркін жүруіне тосқауыл қою керектігін айтуда.

Аброськин қазақстандық қылмыскердің өзі туралы айтып жатқан видеосын да жария етті.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589001-tanymal-qazaqstandyq-ury-lekha-semipa.html