RU

ШҚО-ның экс-депутаты 19 жастағы қызды зорлады деп күдіктелуде

Шығыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылының 19 жастағы тұрғыны экс-депутат әрі ірі фирма басшысынан зорлық көргенін айтып, полицияға шағым түсірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Верх-Уба ауылындағы мектепте сырлаушы болып жұмыс істейтін Елена Иванова мектеп құрылысына тендерді ұтып алған компания басшысынан зорлық көргенін айтуда.

Бұған дейін депутаттық қызметті атқарған Ержан есімді басшы бойжеткенге тиісе бастаған көрінеді.

"Құрылыста қиындықтар туындай бастағасын тендерді ұтқан компания басшысы келді. Мен оны алғаш көрген едім. Бір күні ол жалғыз жұмыс істеп жатқанымды көріп, екінші қабатқа бес минутқа келіп-кетуімді сұрады. Келгенімде ол мені оңаша жерге сүйрей бастады. Айқайлап жіберіп едім, өзге қызметші келіп қалып, қашып-құтылдым... Жалақыма дейін жұмыс істеп, кетіп қалғым келді", - деп есіне алды Елена.

Тағы оқыңыздар: Кулагинның ұлы Алматыда аудан әкімі болып тағайындалды

Еленаның айтуынша, бастығы жұмыс кезінде оған тағы тап беріп, мектептің акт залында зорлап тастаған.

"Ержанда акт залының кілті болды. Ол есікті құлыптап маған бас салды. Мен жылап, маған тиіспеуін сұрадым. Алайда ол "айқайласаң терезеден лақтырып жіберемін" деп жауап қатты. Аузымды қолымен жауып, күштеп зорлап тастады. Ісін тындырғасын қалтама ақша тығындап, тірі жанға тіс жармауымды бұйырды. Біреу біліп қойса, өлтіремін деп қорқытты. Мен көшеге қашып шығып, қалтама тыққан бес мыңын лақтыра салдым. Не істерімді білмей, жылап отырғанымды Вера есімді көмекші көріп қалып, жұбатуға кірісті", - деп жалғастырды бойжеткен.

"102-ге хабарластым. Желі бос болмады... АІІБ-ге барып, арыз түсірдім. Онда бес адам отырды... Біз мектепке қайта барып, олар Ержанмен күлімсіреп сөйлесе бастады. Маған көліктен түспей, күтуімді бұйырды. Мені ер адам тексеріп шықты. Тез тексерді де сараптаманы өзі Шемонаихаға жолдайтынын айтты. Арызым бесінші тамыз күні қабылданды", - дейді Елена.

Тағы оқыңыздар: Талдықорған тұрғындарына 168 жаңа пәтер берілді

Бойжеткеннің айтуынша, оқиға орнын тексеру кезінде куә адамдар да шақырылмаған.

"Мені бірнеше сағат сұрақтың астына алды. Оқиға орнын тінту мен сұраққа алу сәтін камераға түсірмеді. Ержанды да сұраққа алды. Ол менің өз еркіммен ақшаға төсектес болғанымды айтты... Учаскелік полицей мені кері шақырып, ақша ұсынды. "Бәрібір оны отырғыза алмайсың" деді. Мен ештеңе дәлелдей алмай қалатынымнан қорқып, ҰҚК-ға бардым. Сол жерде мені қабылдауын өтініп, тізерлеп тұрып жыладым", - дейді Елена.

Елена Ержанның сол арада өзіне қоқан-лоққы көрсеткенін есіне алды.

"Ол телефоннан маған "сен мен үшін құмырсқасың, бәрібір түбіңе жетемін" деді", - деп мұңын шақты бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589254-shqo-nynh-eks-deputaty-19-zhastaghy-qyzdy-zo.html