RU

Кулагинның ұлы Алматыда аудан әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагинның ұлы Алматыдағы Түрксіб ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл турлы NUR.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Базарбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін қала әкім Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының отырысында аймақтың жаңа әкімін таныстырды. Президент басқармасы мен қалалық мәслихаттың шешімі бойынша, жаңа әкім Павел Кулагин болып тағайындалды.

Айта кетейік, Павел Кулагин қызметтік мансабын 2008 жылы Қостанай облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастады.

Тағы оқыңыздар: Жантүршігерлік жол апатынан соң оңбай күйген қыз Кореяда тегін ота жасатпақшы

Кейінгі жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыру аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

2010 жылдан 2016 жылға дейін «Есіл» ауданының әкімінің орынбасары, «Сарыарқа», «Алматы» ауданының әкімі, Астанадағы Коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2016 жылдан бастап Қазақстан президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589391-kulaginnynh-uly-almatyda-audan-akimi-b.html