RU

Екі алматылық жігіт бірін бірі зорлады деп айыптап жатыр

NUR.KZ порталының Алматыдағы оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне басынан өткерген жантүршігерлік жағдайды баяндайтын аудиожазба жолдады.

"Мен "Вконтакте" арқылы Альтаир есімді жігітпен таныстым. Ол бес мың теңгеге массаж жасайтынын айтты. Менде ақша болмағасын, ол тегін жасап беруге келісті. Жалдамалы пәтерде болдық. Альтаир өзін оғаш ұстады. Мені жатын бөлмесінде жалғыз қалдырып, ваннада біреумен телефон арқылы сөйлесіп жатты. Телефонмен он үш санын айтып жатқанын естіп қалдым. Біз 13-ші пәтерде едік. Ол Әуезов ауданынан бізге пәтер іздеп біраз сабылған болатын. Мен одан "кіммен сөйлестің" деп сұрағанымда, ол "ағамнан 13 000 теңге қарызға сұрадым" деді.

Тағы оқыңыздар: Дінді берік ұстанатын отандық жұлдыздар кімдер?

Біраздан кейін ол есікке жүгіріп, "мені жайыма қалдыр" деп айқайлай бастады. Учаскелік полицейлер келіп, мені қамауға алды. Ол полицейлерге мені зорлаушы деді. Жолай бізді Әуезов АІІБ-не жеткізуін талап етті", - дейді Алматы тұрғыны.

"Полицияда жігіттің шын есімі Альтаир еместігін білдім. Ол мені алдап, телефонымнан Вконтактедегі барлық хабарламаларымды өшіріп тастапты. Сол арқылы мен оны әшкере ете алар едім. Қазір мен ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйдемін. Өзімді нашар сезінудемін. Соңғы күндері ұйықтап, тамақ ішуден қалдым.

Маған не болады деп алаңдаймын. Мен қарапайым адаммын, электромонтажшы болып жұмыс істеймін. Мұндай жағдайда не істеу керектігін де білмеймін. Полицейлер сұраққа алғанда маған күлумен болды. Кабинетке түрлі қызметкерлер кіріп, менен не үшін жігітті зорладың деп сұраққа алды", - дейді оқырман.

Тағы оқыңыздар: Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото)

Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек алматылықтан зорланғаны туралы шағым келіп түскенін растап отыр.

"14 тамыз күні Әуезов ауданы полиция бөлімшесіне 1993 жылғы жігіттің шағымы келіп түсті. Онда зардап шегуші 1984 жылғы жігіт өзін зорлағанын айтқан. Сұраққа алу кезінде күдікті керісінше өзі зорлық көргенін айтып, шағымданды. Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайтын болады. Полицейлер бұл оғаш жағдай туралы естіп, қатты таң болды. Олар мұндай шағымды алғаш рет қарастырып жатыр", - дейді Алматы қаласы ІІД өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589495-eki-almatylyq-zhigit-birin-biri-zorlad.html