RU

91 тобының солисіне қазақ қызы көпшіліктің алдында сөз салды

91 тобының солисі Азамат Қайратұлына кезекті концерттердің бірінде қазақ қызы жұрт көзінше сөз салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сахнадағы әнін айтып болған Азаматқа көрермендер қатарында тұрған бойжеткен барынша айқайлап, оны сүйетінін айтады. Азамат болса өз кезегінде қызға "менде сені сүйемін" деп жауап береді. Жігіттің бұл жауабын естіген Томирис есімді қыз: "Менің жігітім болшы" деп дүрсе қоя береді. Бойжеткеннен мұндай ұсынысты күтпеген әнші сәл кідіріп тұрып, өзінің ойланатынын жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Дінді берік ұстанатын отандық жұлдыздар кімдер?

Желі қолданушылары қыздың бұл әрекетін қатаң сынға алып, қазақ қызы үшін мұндай әрекеттің "ұят" екенін айтуда.

"Қазақтын қызы шыңғырып қаншама халықтын көзінше өзін төмен түсіріп тұрғаны ішті ашытатын жағдай. Қазақтын қыздарына айтарым сүйем деген адамын өзіңді тапсын, сен емес оны табатын. Намыс болу керек", "Қыздар не болған сендерге?! Ұят мыналарың" ,-дейді олар.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589580-91-tobynynh-solistine-qazaq-qyzy-zhur-kozi.html