RU

Арбаға таңылған қалыңдық той үстінде жүріп кетті (фото)

Ұзақ жылдар арбаға таңылған қалыңдық той үстінде аяғынан тұрып, жақындарын шаттыққа бөледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2008 жылы суда жүзіп жүріп, оқыс жағдайға тап болған Джеки Гончер өз тойында арбаға таңылған кейпінен арылды.

"Дәрігерлер анама менің ешуақытта жүре алмайтынымды айтқан. Алайда тойымда аяқтан тұруды көздеп, жазылу үшін барымды салдым. Тойда арбаға таңылып отырғым келмеді", - дейді ару.

Бойжеткен күн-түн демей ауыр жаттығулардан өтіп, бір жыл ішінде оңала бастаған. Нәтижесінде тойда төрт сағат бойы тік тұрып, аздап жүріп те үлгерген қалыңдық жақындарын ерекше қуантты.

Тағы оқыңыздар: Қазақ тойында кейуанаға ойын ойнатқан асаба жұрттың ашуына тиді

Тағы оқыңыздар: Бортсерік дауы: Қоғам белсенділері "Эйр Астананың" халықтан кешірім сұрауын талап етті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589625-arbagha-tanhylghan-qalynhdyq-toy-ustinde.html