RU

Тойда кейуанаға ойын ойнатқан асаба жұрттың ашуына тиді

Қазақ тойларының бірінде ортаға кілең аналарды шығарып ойын ойнатқан асабаның әрекеті көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Желіде қазақ асабасының той басқару барысында келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырған ойынының видеосы пайда болды. Онда асаба жігіт кейуананы ортаға шығарып, сұрақ қояды. Оның сұрағын жөнді түсінбеген болу керек, жасы келген ана бірнеше рет қателеседі.

Соңында дұрыс жауабын айтқан ақ жаулықты анаға асаба «Дұрыс, не деген бас» деп қошеметтей түседі. Той басқарушының бұл әрекеті көпшілікке жақпай қалды.

Тағы оқыңыздар: Бортсерік дауы: Қоғам белсенділері "Эйр Астананың" халықтан кешірім сұрауын талап етті

Басым көпшілігі асабаның мұнысымен кейуаныны келеке етіп тұр деп оған үлкенді сыйлауға кеңес берді. Тіпті бірі асабаны ақымаққа теңеп, өз анасын да ойлау қажеттігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589707-qazaq-toyynda-keyuanagha-oyyn-oynatqa.html