RU

Төрт адамды қағып кеткен "шымкенттік Үсенов" бостандыққа шықты

Шымкентте кісі өліміне әкеліп соқтырған жол апатына кінәлі 21 жастағы жүргізуші бостандыққа шықты. Жас жігіт рақымшылыққа ілінген деп хабарлайды motor.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осыдан бір жыл бұрын Шымкентте BMW көлігін тізгіндеген жас жігіт жол жөндеп жүрген жұмысшыларды қағып кеткен еді. Салдарынан бір адам көз жұмып, үш адам жарақат алған. Ал келесі күні полиция оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің Исмайыл Сүлейман есімді жігіт екенін анықтаған.

Полиция бірден күдіктігі іздеу салды. Ал бір аптадан кейін Сүлейманның Қазақстаннан кетіп қалғаны белгілі болып, оған тіпті халықаралық іздеу жарияланған.

Бір жыл өтті. Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты 21 жастағы Исмайыл Сүлейменді сырттай қамауға алу туралы шешім шығарады. Алайда жігітті ұстау мүмкін болмайды. Ол аяғында полцияға өзі келіп, оқиғаның қалай болғанын айтып берген.

Тағы оқыңыздар: Атырау тұрғыны із-түзсіз кеткен ағасымен 25 жылдан кейін қауышты (фото)

Оның айтуынша, жолда барлық белгілер тұрса да, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерге келгенде рөлін тежей алмаған. Бұл жас жігітке кінә тақпаудың негізі себебі екен.

Елбасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Осы заң аясында рақымшылыққа ілінгендердің арасында Исмайыл Сүлеймен де бар болып шықты.

Шымкенттік жас жігіттің оқиғасы 2013 жылы алты адамды қағып кетіп, біреуі мерт болған атышулы Мақсат Үсеновтің оқиғасын еске түсіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1589984-tort-adamdy-qaghyp-ketken-shymkenttik-u.html